"50 мың теңге әлеуметтік көмек беріледі": Министрлік ақпаратты түсіндірді
Әлеуметтік желіде мемлекеттен 50 мың теңге әлеуметтік көмек алу үшін алдын ала төлем жасау қажеттілігі туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратты теріске шығарды.
"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған 50 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қызметтер үшін болжам бойынша 3 120 теңге көлемінде төлем жасау қажеттілігі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Министрлік әлеуметтік төлем туралы қажетті ақпараттарды ресми ақпарат көздерінен ғана алуды өтінді.
"Біз азаматтардан фейктерге мән бермеуді және ақпараттарды тек ресми ақпарат көздерінен пайдалануды сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады", - деп түсіндірді министрлік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі