Алматыда кинотеатрлар ашылатын болды
Алматы қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қала кинотеатрлардың ашылуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, кинотеатрлар толығымен ашылуы үшін олар санитарлық талаптарға сай болуы керек. Барлық талаптарды сақтап, ашылуға толық дайын болған кинотеатрларға рұқсат беретін болады.
"Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берді. Аурудың өршуіне байланысты мониторинг жасап, ахуалды қарап отырдық. Талаптарды ескеріп, бүгін кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілді. Алайда қазір кинотеатр орындықтары дайындалып жатыр. Келетін адамның саны 50-ден аспауы керек. Санитарлық талаптар орындалған кезде кинотеатрлар жұмыс істей алады. Мұндай талаптар бұзылса, қатаң іс-шаралар жүргізіледі", - дейді Бекшин.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді