5 млн теңге: Елімізде қасиетті Құранды саудалап, пайда табатындар көбейген

Елімізде Қасиетті Құран Кәрімді саудалап, пайда табатындар көбейген. Ең қымбат Құранның бағасы 5 млн теңгеге дейін жетеді. Оны сатушылардың уәжінше, "құнды жәдігер" болғандықтан немесе "200 жыл бұрын жазылғандықтан" бағасы қымбат. Бір қызығы, әлеуметтік желіге осындай хабарландыру бергендер өздерінің материалдық жағдайын түзеп алуды көздейтін көрінеді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздегі ең қымбат Құран Кәрімнің бірі саудаға қойылды. Сатушы 5 млн теңгеге бағалап отыр. 18 ғасырдан бері бір парағы да бүлінбей, осы күнге дейін жеткен екен. Әлеуметтік желіде осы тектес хабарландырулар көп. Бірақ оның түпнұсқасына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Ал, қасиетті кітапты сатып, пайдаға кенелгісі келгендер, осы арқылы несиелерін жабуға ниетті.

Мәселен арна тілшілері тілдескен сатушы ғаламторда кітап бағаларының барлығы қымбат екенін айтқан.

"Діни кітап өте ескі, құнды жәдігер. Сол үшін де бағасы қымбат. Сатылымнан түскен ақшаға ипотекамды жабамын", - деді сатушы.

2018 жылы еліміздегі ең қымбат Құран кітап 15 млн теңгеге саудаланыпты. Бүгінде
бағасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай арзандаған. Мәселен, 200 жылдан бері сақталып келе жатқан кітаптар 2,5 млн теңгеге бағаланып отыр. Ал хабарландыру бергендер "тауарының" өтетініне сенімді. Кұран сатуды кәсіпке айналдырғандар айтқан бағаға алатын клиенттерді жылдар бойы күтуге дайын екен.   

"2,5 млн теңге. Неге қымбыт? Білесіз бе, діни кітап өте ескі, 18-ші ғасырда жазылған. Сирек кездесетін су белгілері бар. Бәрі сақталған. Құнды жәдігерді табу өте қиын. Сатылымнан түскен ақшаны керекті заттарға жаратамын", - деді тағы бір саудагер.

Арна тілшілері қасиетті Құранды сатуға қатысты тұрғындардың ойын сұрап көрген. Сауалнамаға қатысқандардың пікірі екіге жарылды. Бірі Құран мұражайларда сақталуы тиіс десе, екіншісі көздің қарашығындай үйде ұстайтындарын айтқан.

Жалпы, асыл дінімізде қасиетті Құранды саудалау бойынша қатаң тыйымдар жоқ екен. Сондықтан, Құранды басып шығарған кәсіпкер, әдебиетті шығындарды өндіріп алу үшін сатып, ақша табуға құқылы. Бірақ құнығып, оны табыс көзіне айналдырмау керек. Сондай-ақ, дін өкілдері ысырапшылыққа да салынуға болмайтынын ескертеді.

"Ал енді мынау кітап бұл шығарушының қандай мақсатта шығарғандығына байланысты. Егер, ол кітапты қаражат жұмсап, ол қағазын сатып алады. Оның сиясы бар, баспаханаға төлейді. Ақшасын белгілеп, Құран кітап, осы кітап осынша ақшаға, енді ол кітап халіне келді, сол бағада саудаға қойса болады. Мысалы, дүкендерде", - деді ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов.  

Айта кетерлігі, еліміздегі сатылымға қойылған Құран кітаптарының бағасы әлемдегі Құрандармен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Мәселен, ең қымбаты  2015 жылы АҚШ-та біздің ақшаға шаққанда 1 млрд теңгеге саудаланды. Ол 1203 жылы басылыпты. Осы уақытқа дейін бүлінбей сақталған

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр