5 миллион теңге айыппұл салынады: Нұр-Сұлтанда заңсыз антисептик сатқан күдіктілер ұсталды
Елордада үйден антисептиктерді заңсыз сатқып, дүрбелең кезінде миллиондап ақша тапқан кәсіпкерлер қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының үш тұрғынының заңсыз ісі өршіп кеткен: гигиена құралдарын канистрлермен сақтап, оны жоғары бағамен сатқан.
Қаржы мониторингі комитетінің мәліметтері бойынша, 5 литр антисептикті, қандай да бір ілеспе құжаттарсыз 16 500 теңгеге сатқан.
Қысқа уақыт ішінде ұсталғандар 2 миллион теңгеге жуық табыс тапқан. Енді оларға 5 миллион теңге айыппұл салынады.
Ал алынған тауарға қатысты, бұл шамамен 8 мың литр, ол қалалық денсаулық сақтау басқармасына жіберілді.
"Танысым да, жұмысым да болған жоқ": Катарда 300-ге жуық маманды басқарып отырған қазақ жетістікке қалай жеткенін айтты
Сонымен қатар ол бөлшек сақтандыру бизнесінің вице-президенті
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн