Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 бөлмелі үй мен lexus 600-ге қуанып жүрген сияқты": Елдос Сметов пен бапкерінің биі желіні жарды

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туған жерге оралып, жерлестері күтіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/yeldos60kg/

Дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа таққан еді. Мемлекеттік беретін сыйақысынан бөлек басқа да сыйлықтарға ие болды. 

Олимпиада чемпионына туған жері Таразда құрмет көрсетілді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сметовке жаңа Lexus 600 автокөлігі мен Тараз қаласынан 5 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Сметовтің жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке де 2 бөлмелі пәтер берілді.



Одан кейін желіге спортшыға арналған тойдың видеосы тарады. Ол жерде дзюдошы мен жаттықтырушысы билеп жүргенін көруге болады. Оқырман қауым түрлі пікір білдіріп, қуанышқа ортақтасып жатыр. 

“Керемет көңіл күй сыйлады”, “Екеуі де биден жарыс болса, бірінші орын алайын деп тұр”, “5 бөлмелі үй мен lexus 600-ге қуанып жүр", “Екеуіне не істесе де жарасады”, “Мына жақта біз де билеп отырмыз”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Еске салайық, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың қанша гонорар алатыны белгілі болғанын жазған едік. 

Ал 5 тамызда Париж Олимпиадасында алтын иеленген дзюдошы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевты Алматы әуежайында туыстары, достары мен спортшылардың жанкүйерлері қарсы алған еді. 

 

Талқылау