43 градус ыстық: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
"Қазгидрометтің" болжауынша, 6, 7 және 8 маусым күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, көптеген облыстарда жаңбыр жауады.
7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда республиканың шығысында күн күркіреп, екпінді жел соғады, солтүстікте, батыста, орталықта, шығыста бұршақ жауады.
"Елдің оңтүстігінде күндіз +35 +43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +35+40°С-қа дейін қатты ыстық болжануда. 6-7 маусымда еліміздің батысында күндіз +30+38 градус нөлден жоғары болады. 8 маусымда республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы күндіз +25+30°С-тан +20+25°С-қа дейін төмендейді", – делінген хабарламада.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 баллды қалай алғанын айтып берді
Ол тестті алғаш рет университетке түсу үшін тапсырып, 7.0 балл алған
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады