Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 мың жұпты зерттеген психологтер табысты қарым-қатынаста қолданылатын басты сөзді атады

35 жыл бақытты некеде өмір сүрген психологтер жұптық терапияны бастағысы келетін 40 мыңнан астам серіктесті зерттеді. Олар табысты қарым-қатынастың бірер тәсілін білеміз деп есептейді. Олардың сөзінше, әр жұптың өзіне ғана тән қиындықтары болғанымен, барлық жұпқа ортақ бір нәрсе бар: әр адам бағалы болғысы келеді, қарым-қатынастағы күш-жігерін елеп-ескергенін қалайды. 

Фото: unsplash.comФото: unsplash.com

Табысты қарым-қатынастағы №1 сөз: "Рақмет"

Мамандардың айтуынша, дамып келе жатқан қарым-қатынас ынта мен бағалау мәдениетін талап етеді. Олар бұл туралы CNBC make it сайтында айтты. Бастапқыда біз серіктесіміздің нені дұрыс істеп жатқанын дәл дұрыс емес әрекетін бірден байқағандай, елеп-ескеруіміз керек.

“Бірақ серіктесіңіздің жасамаған ісін ғана көрудің тұзағына түсіп қалмаңыз. Адам серіктесінің тек дұрыс емес жасаған әрекеттеріне ғана назар аударып, оған өзі сеніп қалып жүреді. Бұл улы ойдан арылу үшін жаңасын құру керек: сүйіктіңіздің оң әдеттерін байқап, оған "рақмет" айтыңыз”, – деді психологтер.

Алғыс айтуға қалай әдеттенуге болады

Біз күні бойы жұмысшыларға, супермаркеттегі сөмкеге немесе есікті ұстап тұрған бейтаныс адамға ойланбастан "рақмет" деп жатамыз. Бірақ мамандардың сөзінше, ең жақын адамдарымызға "рақмет" айтудың қаншалықты маңызды екенін ұмытып кетеміз.

“Көп жұппен жұмыс істей келе бір адам ризашылық циклін бастаса, екіншісіне қосылу және оны әрі қарай нығайту оңай болатынын байқадық”, – дейді психологтер.

Осыған орай мамандар мына екі қадамды ұсынды

1-қадам: антрополог болыңыз.

Мүмкіндігінше серіктесіңізді мұқият қадағалаңыз. Оның не істейтінін, әсіресе жағымды істерін жазып шығыңыз. Бірақ арасына сіздің өтінішіңізді елемеген сәттерді жазбаңыз. Асықпай байқаңыз. Мысалы, жұбыңыз таңғы астан қалған ыдысты жуып, телефонға жауап берді. Қонақ бөлмеде шашылып жатқан ойыншықтарды жинады және ол өзіне кофе жасауға барғанда сізге де біреуін дайындап әкелді.

“Бұл ретте үндемей ғана бақылап жүргеніңді жасырудың қажеті жоқ. Серіктесіңізге оның барлық әрекетін жақсырақ түсіну үшін оны бақылап жатқаныңызды айта аласыз. Сіздің қарап отырғаныңызды білсе, олардың мінез-құлқы айтарлықтай өзгермейді”, – деп қосты мамандар.

2-қадам: "Рақмет" деп айтыңыз.

Кішкентай болса да, күн сайын жасаса да, дұрыс істейтін күнделікті істері үшін оларға рақмет айтыңыз. Бірақ жай ғана "Рақмет саған" деп айтпаңыз. Әрекет кішкентай әрі күнде, үздіксіз жасалып жүргенін атап өтіңіз. Неліктен бұл кішкентай нәрсе сіз үшін маңызды екенін түсіндіріңіз.

Мысалы: "Күн сайын таңертең кофе қайнатып жүргеніңе рақмет. Маған оның иісі мен ас үйдегі дыбыстан оянған ұнайды. Бұл күнімді жақсы бастауға көмектеседі” деген секілді. 

Проблеманы түзеу

Психологтер бұл кеңестерді орындау оңай болады деп күтпеу керек екенін айтты. Бірер мәселеге тап болуыңыз да мүмкін. Мұндайға мамандардың жақсы кеңесі бар:

Егер уақытыңыз тығыз болса, әрқайсыңыз жасайтын нәрселердің қысқаша тізімін жасаңыз. Содан кейін оның ішінен бірнешеуін таңдап алыңыз. Мысалы, күнде балаларды мектепке сіз апарып жүрсеңіз, бүгін мұны серіктесіңіз жасауын сұраңыз. Егер серіктесіңіз күнде кешкі ас дайындап жүрсе, осы жолы сіз дайындаңыз. Бұл бір-біріңіздің орныңызда болып, істің қаншалықты маңызды екенін сезінуге көмектеседі.

Негатив жағдайдан шығу сонда да қиын болса

“Өткен оқиғаларға қатысты жағымсыз сезімдерді ажыратуға тырысыңыз. Осы жерде және қазір, нақты сәтке, нақты адамға назар аударыңыз. Нені байқадыңыз?”, –  деп қосты мамандар.

Өзіңізге мына сұрақтарды қойыңыз:

  • Осы қарым-қатынас басталғанға дейін менде осындай жағымсыз сезімдер болды ма?
  • Бұл сезімдерге кім немесе не себеп болды?

Зерттеушілердің сөзінше, теріс ойлар мен сезімдердің көзін анықтау және оларды атымен атау босаңсуға көмектеседі.

Егер сіз позитив көріп, бірақ  серіктесіңізде бәрі басқаша болса…

“Есіңізде болсын, сіз өзіңіздің психикалық әдеттеріңізді өзгертуге тырысыңыз. Ал серіктесіңізді өзгертуге тырыспаңыз. Сайып келгенде оның не ойлап, не сезінетіні сіздің бақылауыңызда емес. Бірақ әлемге деген көзқарасыңызды өзгерту өте күшті көмектеседі. Негатив циклін бұзасыз және оның әрі қарай лаулауына жол бермейсіз. Осының өзі біраз дүниені өзгертеді”, – деп түйіндеді мамандар.

Талқылау