4 жолаушыға телефонын қайтарып берді: Алматыда оқушы автобустағы ұрыны ұстап алды
Алматыда қоғамдық көліктердің бірінде жасөспірім автобуста қалтасына ұрлыққа түскен ұрыны ұстап алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ол тек өзінің телефонын ғана қайтарып алмай, басқалардың да байланыс құралдарын қайтарып беруге ұрыны мәжбүрлеген.

Оқушының анасы Шынар Жәнібекова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында болған жағдай туралы айтып берді.
«Менің балам сабақтан автобусқа мініп қайтып келе жатқан. Біреудің қалтасын ақтарып жатқанын сезген балам сол арада ұрыны ұстап алды», - деп анасы әлеуметтік желіде бөлісті.
Әйелдің сөзіне сүйенсек, ұры ұсталған кезде автобус жүргізушісі жағдайға араласып, қоғамдық көлікті тоқтатып, баланың уәжін тыңдаған.
«Ұрыға кедергі жасағысы келген жүргізушіге рахмет, автобусты тоқтатты, ұлымның сөзін тыңдады, ұрының қалтасынан төрт ұялы телефон тапты. Жолаушылар өз телефондарын қайтарып алды. Достар, мұқият болыңыздар», - деп әйел қала тұрғындарына ескерту айтты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"