4 трлн 770 миллиард теңге қажет: Мәжіліс кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс депутаттары "2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұған дейін 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі 299 -жарлығымен Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 4 трлн 770 миллиард теңге мөлшерінде анықталған болатын. Заң жобасында бұл соманың 2020 жылға арналған қолданыстағы Кепілдендірілген трансферт туралы заңда көрсетілуі қарастырылған", - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде.
Заң жобасын мәжіліс депутаттары мақұлдады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді