"4-5 жыл болды": Әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасып кеткенін айтты
“Ой, жеңге” деп шырқап, көпшіліктің жүрегінен орын алған әнші Серікбол Сайлаубек “Ұйқым келмейді” бағдарламасында жеке өміріне қатысты жаңалықтарымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/serikbol_sailaubek
“Халықтың батасын жинаған соң, алдамай-ақ қояйын. Ажырасып кеткенімізге 4-5 жылдай болды. Қазір ол кісі өзімен өзі. Енді үйде болмаймыз, әртіс адамға кім шыдайды?! Мүмкін мен де кінәлі шығармын. Қазір мен бойдақпын. Балаларымыз екі жақта жүре береді”, – дейді Серікбол Сайлаубек.
Бүгінде төрт бала тәрбиелеп оытрған әнші өзінің қандай әке екенін айтты.
“Мықты әкемін” деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Уақыт жоқ, балалардың қалай есейіп жатқанын білмеймін. Апасы, анасы тәрбилепе жатыр. Мен үйде пәтер жалдаушы сияқтымын. Келесің, 2-3 күн боласың бағ болмайсың ба, қайтадан кетесің. Тойға шақырады. Сол тойда біздің жүргенімізді қалайды, ән айтпасақ да, қонақ болуымызды абырой санайтын адамдар болады. Соның өзі біздің еңсемізді көтеріп қояды. Содан бір кеткеннен жоқсың, басқа не істейміз? Бала-шағаны асырау керек. Ұрпақ, әулет, туған-туыс, ағайын бар дегендей. Маңдайымызға жазылғаны осы”, – дейді өнер иесі.