"Минус 35°С-қа дейін суиды": Синоптиктер еліміз бойынша желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет жылдың соңғы желтоқсан айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Бұл айда елдің басым бөлігінде қар, боран және екпінді жел болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Синоптиктердің мәліметінше, желтоқсанда елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар жауады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қалың қар жаууы мүмкін.
Елдің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ пен тұман жиі болады.
Бірінші онкүндіктегі температуралық фон келесідей болжанады:
- республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі сағаттарда -10, -18°С-тан -3, -10°С-қа дейін, күндіз 0,-8°С-тан -3 +5°С-қа дейін ауытқиды;
- республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -5, +5°С-тан, -1, -8°С-қа дейін, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда -10, -15°С, күндіз -5, +5°С-тан +5, +12°С-қа дейін ауытқуы болжануда;
- елдің батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде -1, -8°С, Каспийдың жағалауында +3°С, күндіз +1,+8°С. Онкүндіктің соңында күндіз ауа температурасының -5, +3°С-қа дейін төмендеуі болжануда.
Солтүстік-батыс және солтүстік антициклондардың әсерінен ауа температурасы айтарлықтай төмендейтін кездер де болады.
Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасының ауытқуы жиі байқалады:
Еліміздің солтүстік жартысында түнде -18, -23°С-тан -7, -12°С-қа дейін, күндіз -4, +1°С-тан -8, -13°С-қа дейін.
Желтоқсанның екінші жартысының жекелеген күндерінде ауа температурасы түнде -25, -35°С-қа дейін, күндіз -10, -20°С-қа дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнгі уақытта -7, -18°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +3, +12°С-қа дейін ауытқиды.
Желтоқсанның үшінші онкүндігінде жекелеген күндері аяз күшеюі мүмкін:- түнде -15, -22°С-қа дейін, күндіз -5, -13°С-қа дейін.
Жалпы, желтоқсан айында бүкіл ел бойынша температуралық фон климаттық норма шамасында, ал жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп болжануда.