35 келі синтетикалық есірткі табылған: Алматы облысында ірі зертхана жойылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті тағы бір есірткі зертханасын жойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰҚК
17 сәуірде ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана қызметінің жолын кескені хабарланды.
"Тінту кезінде 35 келіге жуық синтетикалық есірткі заттары, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді. Бұл қылмысты жасады деген күдікті ұсталды", – делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен ұсталғанға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр