Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"35 миллиард теңге бөлінген": Батыс Қазақстан облысының әкімі жолдың нашарлығына байланысты сынға қалды

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысындағы жол мәселесінің нашар екенін айтып, әкімді сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: parlam.kz

Үкімет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке осы мәселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемін қарастыруды тапсырды.

"Жыл сайын жақсы жолдардың үлесі артуы керек. Ал сіздерде керісінше, оның үлесі төмендеп келеді. Мәселелерді республикалық деңгейде айту жеткіліксіз, оларды шешу керек. Бұл үшін жергілікті бюджеттен қажетті қаржы бөлінуге тиіс. Барлық мәселені шешіңіздер", – деді премьер-министр.

Айта кетейік, былтыр облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға 34,8 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға 251 шақырым жол жөнделді. Соның ішінде Оралда 130 шақырым жол жөнделіп, оған 14 миллиард теңге жұмсалған.



Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында жөндеуден өткен жол жарамсыз болып қалғанын жаздық. 2024 жылы "Мәртөк-Дмитриевка-Байторысай-Полтавка" жолын орташа жөндеуге 600 миллион теңге бөлінген. Алайда жөндеу аяқталмай жатып, 4 шақырым жол жарамсыз болып қалған. Тексеру барысында жобада айналма жол қарастырылмағаны, сондықтан мердігер инертті материалдарды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдағаны анықталды. Сондай-ақ кепілдік мерзімі 2 жыл емес, 1 жыл деп қана белгіленгені белгілі болды. Агенттіктің мәліметінше, облыс әкімдігі кепілдік мерзімін қайта қараған. Ал жарамсыз жолды қалпына келтіру үшін мердігерге талап арыз берілген.

Талқылау