32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді
Америка футболындағы танымал ойыншы Тим Тибоу 2017 жылы «Әлем аруы» атанған Деми-Лей Нель-Петерске үйленді. Ол "Денвер Бронкос" және "Нью-Йорк Джетс" командалында ойнаған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Неке қию рәсімі Нель-Петерстің отанында өтті.
32 жастағы америкалық үйленгенше жыныстық қатынасқа түспеуге уәде берген-ді. Ол христиан дінін берік ұстанады.
Сондай-ақ, Тибой "Филадельфия Иглз" бен "Нью-Инглэнд Пэтриотс" құрамында болса да, олардың атынан бір де бір рет алаңға шыққан емес. 2016 жылдың тамыз айында ол кәсіби бейсболге өтетінін мәлімдеді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған