Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"30 күн ойын, 40 күн тойын өткіздік": Жанболат пен Жазира ұлдарына тағы бір той жасады

Жанболат пен Жазира ұлдарына тағы бір той жасап бердіФото: Видеодан скриншот

Танымал әншілер Жанболат пен Жазира ұлдарына тағы бір той жасап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында тойдың видеосын бөлісті. Ол жазбасында туған жерлеріне Аралға барып, елді мекендегі туғандарына той өткізгенін жазған.

“30 күн ойын, 40 күн той берекенің, қуаныштың белгісі ғой. Аллаға шүкір, Аралға, туған жерге келіп, үлкендердің батасын алып, туысқан, жек-жат, көрші, достармен бірге әдемі той өткіздік. Баршаңызға үлкен рақмет! Алла әр шаңыраққа қуаныш, береке, молшылық нәсіп етсін”, – деп жазды ол.


Қалыңмалы 10 миллион теңге: Жанболат пен Жазира келін түсірді

"Танысу үшін шетелге бару керек болды": Жазира Байырбекованың ұлы қалыңдығымен қалай танысқанын айтып берді


Айта кетейік, бұған дейін әншілер Жанболат пен Жазира жалғыз ұлдары Қазбектің үйлену тойын дүркіретіп өткізгені хабарланған еді.

Үлкен той Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Тойға 600-ден астам қонақ жиналып, 150 шақты мобилограф жүрді. Ал Youtube арқылы жүргізілген тікелей эфирді 450 мыңнан аса адам тамашалаған.

Еңлік Сақтан
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 11:10