30 градус аяз болады: Қазақстанда күн күрт суытады
11 наурызда Қазақстанның бірнеше облысында дауыл туралы ескерту жарияланды. Кейбір аймақтарда күн күрт суып, қалың қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты болады, қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 7-9 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-7 градусты көрсетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 25 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Қостанай облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысқанда 15-20-ға дейін, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
11 наурызда Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.
12 наурызға қараған түні Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын болады. 12-13 наурыз күні тұман түседі. 13 наурызда жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
11-13 наурыз аралығында ауа температурасы 7-12-ден күрт төмендейді, кей жерлере 16 аяз, 22-27, кей жерлерде 30 аяз болады деп күтілуде.
Түркістан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын болады - жаңбыр мен қар жауады. Сонымен қатар тұман мен көктайғақ болады. 12-14 наурызда оңтүстік-батыстан солтүстікке қарай жел соғады. Екпіні секундына 23-28 метрге дейін, ал таулы аудандарда секундына 30 метрге дейін жетеді. 13 наурыз күні күндіз ауа температурасы күрт төмендеп 16-21-ден 6-11 градусқа дейін, 3-8 градусқа дейін, 0-5 аязға дейін түседі.
12 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. 12 наурызға қараған түні жел жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. 11-13 наурыз аралығында ауа температурасының күрт төмендейді. Кей жерлерде 7 градус аяздан, 22-27, кей жерлерде 30 градус аяз болады.