"3 тәулік бойы ауырды": Сәкен Майғазиев сырқаттанып қалған жұбайын ел алдында еркелетті
“Музарт” тобының әншісі, продюсер Сәкен Майғазиев жұбайы Динараның сырқаттанып қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/
Өнер иесі ауырып қалған әйелін концертке алып келді.
“Жүрегімнің ішіндегі жүрегім 3 тәулік бойы ауырып қалды. Таза ауа жұтқызып, кофе әперіп, концертке қинап апармасам, жата бермекші. Біздің жастық шағымыздың куәсі болған “Blue”-дің концертіне келдік. Керісінше екеуміз де сергіп қалдық. Арасында мені де қайрап қояды. “Маған шабыт беретін осы кісі. “Даусыңыз жыл өткен сайын ашыла беруі керек” деп ақыл айтады маған”, – деп әзілдеді әнші.
-
"Қазан айындағы жағдайдан кейін денсаулығым оңалмады": Әли Оқапов қатты ауырып қалғанын айтты
-
Тележүргізуші Анна Данченконың анасы тағы да сырқаттанып қалды
Желі қолданушылары әншінің жұбайына ұзақ ғұмыр тілеп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Мен негізі Сәкен Майғазиевке ғашық едім. Бүгіннен бастап сізге ғашықпын. Майғазиевтің Майғазиев болып жүргеніне сіздің де үлесіңіз көп екенін білдік”, “Динара әпкенің қарапайымдығы ұнайды”, “Өте салмақты байыпты келіншек” деп жазып жатыр оқырман қауым.