Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда түрік жігітінен таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Күні кеше Алматыда жеңіл көлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігін тізгіндеген егде жастағы ер адамды ұрып тастаған еді. Оқиғаның видоесы желіде тарап кетіп, жұртты шулатты. Артынша жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда түрік жігітінен таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Оқиға орын алған кезде жедел жәрдем  асығыс кетіп бара жатқан екен. Көлікте ауыр жағдайда жатқан пациент болған. Алайда жеңіл көлік жол бермей қойған.

«Алдымен ол өз көлігін менің көлігімнің алдына қойып, атып шығып, ұрыса жөнелді. «Менің келе жатқанымды көрмейсің бе?» – деді. Ол мені айнаға бір-ақ соқты. Мұнан кейін мен автобус жолағымен жүріп, оның алдына шығып кеттім. Жолақта автобус келе жатқандықтан, қайтадан сол көлік тұрған жолаққа ауыстым. Осы жайт оны ашуландырса керек. Тағы жедел жәрдем көлігінің алдына көлігін қойып, көліктен шығып, есікті ашты. Мен басымнан соққы алдым», – дейді жедел жәрдем станасасының жүргізушісі Николай Кучма.

Шабуылдан кейін 61 жастағы жүргізушінің өзіне көмек қажет болған. Ауруханада оның қабағына 4 тігіс салған. Ер адам 13 жыл тәжірибесінде мұндай жағдайға алғаш рет тап болғанын айтуда. Ал оны ұрып жатқан кезде, айналасындағылар қарап тұрған. Фельдшер болған оқиғаны видеоға түсіріп алмағанда, бәрінің немен тынары белгісіз.

«Біз не болып жатқанын бірден ұқпай қалдық. Мен «орталыққа» хабарласа бастадым. Пациенттің ауруханаға жеткізу үшін, бізге тағы бір көлік қажет болды. Абырой болғанда, науқас әйелді ауруханаға жеткізіп үлгерді. Ал біз полицияға шағымдандық», – дейді жедел жәрдем стансасының фельдшері Гүлсім Рахымова.

ІІД мәліметіне сәйкес, жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция полкі мен іздеу бөлімінің қызметкерлері “Фольксваген Пассат” жүргізушісін ұстады. Ол 1990 жылы туылған Түркия азаматы. Оның іс-әрекетін Алмалы ауданының ІІД-нің тергеу бөлімшесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-бабының 1-бөлігі бойынша қарастырады. Алдын ала тергеу барысында тергеудің объективтілігін, толықтығын және мұқият болуын қамтамасыз ететін қажетті тергеу амалдары мен сараптамалық зерттеулер жүргізілетін болады.

Ал денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов шұғыл шара қабылдауды және оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау