Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилердің қашан іріктелетіні белгілі болды
Өз әйелін өлтірді деген айыппен сотқа тартылған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилікке кандидаттар іріктеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді.
Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы қалыптастырылады. Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"