Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

26 жерінен пышақтаған: Италияда қатыгездікпен өлтірілген студенттің қазасынан кейін жаппай наразылық шерулері өтті

Италияда 22 жастағы студент Джулия Чеккетин аяусыз өлтірілді. Оның 26 жерінен пышақталған денесі бір аптадан кейін арықтан табылды. Бойжеткенді бұрынғы сүйіктісі 21 жастағы Филипп Туретта өлтірді деген күдікке ілінді. Жағдай бүкіл елде наразылық тудырып, халық жаппай митингке шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Падовадағы наразылық акциясы. Фото: Università di Padova/Twitter

“Новая газета Европа" басылымының хабарлауынша, 11 қарашада Италияның Падова қаласында 22 жастағы Филиппо Туретта өзінің бұрынғы ғашығы 22 жастағы Джулия Чекеттинді өлтірген. Ер адам оған 26 жерінен пышақ жарақатын алған. Қыздың полиэтиленге оралған денесі бір аптадан кейін көл маңындағы арықтан табылды. Кісі өлтіру оқиғасы қыздың үйінен 150 метр жерде ғана болған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қыз аман қалу үшін онымен 25 минут бойы арпалалысқан. Қанша қашып кетуге тырысқанымен қаскүнем оны ұстап алып, пышақтап, көлікке тиеген. Қылмыс орнында полицейлер қан, жәбірленушінің шашы және жігіт қыздың аузын жапқан таспаны тапты.

Джулия и Филиппо. Фото: инстаграм

Сондай-ақ бұл оқиғаның куәгерлері полицияға хабарласқаны белгілі болды. Бірақ тәртіп сақшылары хабарларға жауап бермеген. 

Олардың бірі қыздың “сен мені ренжіттің!" дегенін ал жігіттің оны теуіп, жерге құлатқанын көрген. 

Филиппо оқиғадан кейін жасырынып қалған. Тек 19 қарашада Германияда табылды. Неміс полициясы оны тас жолда ұстап алған.

Туретта қызды өлтіргенін мойындады. Оның айтуынша, қашу кезінде ол өзін-өзі өлтіруді бірнеше рет ойлаған. Неміс билігіне берілген жауап алу хаттамасында оның киімінде қан дақтарының ізі бары, ал қолдары мен тобықтарында жаралар бары айтылады. Жігіттің сөмкесінен полиция қызметкерлері он екі сантиметрлік ас үй пышағын, қолғап пен ұялы телефон тапқан. Сондай-ақ көлікте қан іздері және шамамен 300 еуро көлемінде қолма-қол ақша бар. 

Қыз қайғылы жағдайға дейін жігітпен байланыста болғысы келмейтінін айтқан екен. 

"Оның жоғалып кеткенін қалаймын, бірақ одан қалай құтылу керектігін білмеймін. Өйткені өзімді кінәлі сезінемін және ол қандай да бір жолмен зардап шегуі мүмкін деп қорқамын", – деген.

Айтуынша, жігіт оған жиі келіп, "супер депрессияға ұшырағанын, тамақтануды тоқтатқанын, күндерін төбеге қарап өткізетінін, тек өзін-өзі өлтіру туралы ойлайтынын" жеткізген. 

Оқиғадан кейін елде жаппай наразылық акциялары болды.

Non Una di Meno құқық қорғау тобы 20 қарашада Падуада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы шеру ұйымдастырды. Митингтерде "біз еркін өмір сүруді қалаймыз", "шынайы махаббат болса адам өлмейді" плакаттары болды. Шеруге 15 мыңға жуық адам қатысты.

"Біз бүгін дауысы естілмейтін барлық әйелдер үшін айқайлаймыз", — деген сөздер трибунадан айтылды.

Фото: Твиттер

Нәтижесінде Италия парламенті әйелдерді қорғаудың қосымша шараларын қарастыратын жаңа заңды тез арада мақұлдады.

Талқылау