248 миллион жазылушысы бар: Джей Ло астаналық қыздардың видеосын өз парақшасында бөлісті
Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінің бірнеше күннен бері желіде қызу талқыға түскен. Әнші де Қазақстанға қызығушылық танытып отырған көрінеді. Ол бүгін өз парақшасында елордалық би тобының видеосын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден
Елордалық би тобы Дженнифер Лопестің әндеріне билеп видео түсірген. Ал Джей Ло бұл видеоны өз Instagram парақшасында репост жасаған. Бұл видео да бірден талқыға түсті. Қазақстандықтар видеоға жарыса пікір білдірген.
"Бәйтерек! Құттықтаймын, қыздар", "Джей Ло Қазақстанды біздің бүкіл туризм министрлігімізден де жақсырақ жарнамалайтын сияқты", "Қыздар Джей Лоның концертінде өнер көрсетсін деп тілеймін", – деп жазды желідегілер.
Жас бишілер әншінің хиттарына билеп, "Бәйтерек" аясында әдемі өнер көрсетті.
"Джей Ло, Астана сені күтуде! Бишілер: Dream Way жобасының кәсіби командасы", – делінген видеода.
Айта кетейік әншінің 248 миллион жазылушы бар.
"500 мың теңге": Алып-сатарлар Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып жатыр
Әншінің шоуы 1 тамызда "Астана Арена" стадионында өтеді. Іс-шара жарияланғаннан кейін билеттері бірден өтіп кеткен еді.
Еске салайық, америкалық әншінің концертіне билет бағасы 40-150 мың теңге аралығында болды. Ең қымбат билет – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұратынын жазған едік.