24 жастағы келіншек бірден 5 бала босанды

Фото: ЖИ
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын 24 жастағы қытайлық әйел бес егізді дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйел бір күнде бір ұл және төрт қыздың анасы атанды. "People's Daily" газетінің мәліметі бойынша, табиғи жолмен бес егізді дүниеге әкелу мүмкіндігі 60 миллионнан бірге тең.
Сәбилер жүктіліктің 28 аптасында дүниеге келді. Біріншісі – 990 грамм салмақтағы ұл, одан кейін 1020 грамм, 970 грамм, 1030 грамм және 870 грамм салмақтағы қыздар дүниеге келді. Жаңа туған нәрестелер Апгар шкаласы бойынша 10 балдан 6 балл алды, денсаулығы қанағаттанарлық деп саналады.
Бес егіз қазір неонаталдық бөлімдегі дәрігерлердің бақылауында. Өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар