21 жастағы маңғыстаулыққа оқ тиіп, ауруханаға тікұшақпен жеткізілді
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында 21 жастағы жігітке оқ тиіп, жәбірленуші санавияциямен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қайғылы оқиға 2 қаңтар күні кешкі сағат 9 шамасында болған. Жәбірленуші Қарақия аудандық ауруханасына жеткізіліп, артынша Маңғыстау облыстық ауруханаға санавияциямен жеткізілген.
Аурухана өкілдерінің мәліметінше, науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
Ал Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Ибатуллаеваның мәліметінше, бұл іске қатысты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша жүргізіледі. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар