21 мемлекеттің туын жатқа білетін екі жасар бала халықты таңғалдырды
Екі жасар Абай 20-дан аса елдің туын жатқа біледі. Ерекше дарынды сәби "Таңшолпан" бағдарламасында қонақта болып, Қазақстаннан бастап, Испания, Аргентина сынды көптеген елдердің мемлекеттік рәміздерін көрсетіп берді.

Анасы Айнұр Ибрагимованың айтуынша, ол 5-6 айынан бастап баланың ақыл-ойын дамытатын түрлі ойындар ойнаған.
"Туды үйренгенімізге көп болған жоқ. Бір айдың ішінде үйреніп алды. Күніне 2-3 тудан үйретіп, қазір 20-дан аса елдің туын білеміз.
5-6 айынан бастап кітаптар, карточкалар көрсетіп, тілін ерте шығаруға барынша атсалыстық. 1-ге толмай сөйлеп кетті", – дейді Айнұр Ибрагимова.
Осы ретте ол баланы ерте дамыту үшін не істеу керектігін айтты.
"Баламен көп сөйлесу керек, жақсы көру керек. Уақытты тиімді өткізген жөн. Гаджеттерді мейлінше аз көрсету қажет", – деді ол.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды