Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2026 жылы ҚТЖ пойыздары мен AirAstana ұшақтарында спутниктік интернет қызметі пайда болады

2026 жылы ҚТЖ пойыздары мен AirAstana ұшақтарында спутниктік интернет қызметі пайда боладыФото: ҚТЖ

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев 2026 жылы “Қазақстан Темір Жолы” пойыздары мен Air Astana ұшақтарына спутниктік интернет қызметі енгізілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда спутниктік интернет қызметін ұсынатын үш оператор жұмыс істейді. Жақын арада нарыққа тағы екі шетелдік компания қосылады. Пилоттық сынақтар 2026 жылы өткізіледі деп жоспарланған.

Қазір нарықта Starlink, OneWeb және отандық KazSat жұмыс істейді. Жаңа компаниялар ретінде америкалық Amazon Kuiper және қытайлық Spacesail жұмыс істей бастайды.

Әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен туристік және қолжетімсіз аймақтарды спутниктік интернетпен қамтамасыз етуге тиіс.



Сонымен қатар Қазақстанда жаңа 5G базалық станцияларын орнату жұмыстары жалғасуда. Қазір желі 20 қалада қолжетімді, ал билік олардың аумағының 75%-ын қамтуды жоспарлап отыр.

Қазақстанда 6 мыңнан астам ауылдық елді мекен бар. Мәдиевтің айтуынша, олардың ішінен биыл және келесі жылы 3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты оптикалық-талшықты байланыс желілері арқылы интернетке қосылды. Осылайша жоғары жылдамдықты интернет халықтың 99%-ы үшін қолжетімді болады.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 06 Қаңтар, 2026 12:00