Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2024 жылы тағы 300 мың киік ату ұсынылып отыр

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің ғалымдары киік популяциясын реттеу мақсатында оларды Қазақстанның әр өңіріне жерсіндіру, қолға үйрету мәселелерін ғылыми негізде қарастырып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ©Adobe Stock

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылы орал популяциясындағы 200 мың және бетпақдаладағы 100 мың ақбөкенді атуға рұқсат берілгенін мәлімдеді.

"Ақбөкендерді жою мерзімі 2024 жылдың 10 қаңтарынан 29 ақпанына дейін ұсынылды. Биыл қыркүйек айынан қараша айына дейін ақбөкендер санын реттеу бойынша жүргізілетін шаралар жалғасады", – деп хабарлады министрлік.

Ведомство былтыр 16 қазаннан 10 желтоқсанға дейін "биологиялық негіздемеге" сәйкес табиғи ортадан 30 185 ақбөкен "тәркіленіп", ет комбинаттарына өңдеуге 630 тонна ақбөкен ұшасы жіберілгенін айтты.

Сонымен қатар биыл "спорттық, эстетикалық қажетті қанағаттандыру және жеке тұтыну үшін" ақбөкенге әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ашу мәселесі пысықталып жатыр.

"Бұған байланысты министрлік ақбөкенге аң аулау мәселелерін реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актіні әзірледі. Тиісті жобалар "Ашық НҚА" порталына орналастырылды", – делінген ведомство хабарламасында.



Құжатқа сәйкес, бекітілген аңшылық шаруашылықтарының аумағында ақбөкендерге әуесқойлық (спорттық) аң аулау бөлінген квотаға сәйкес іске асырылады. Аң аулауға өтінім жергілікті атқарушы органға беріледі. Өтінім тек бір адамға берілгендіктен, ақбөкендердің мүйіздерін иелену құқығын ала алмайды.

Бұдан бөлек, ақбөкендердің популяциясын және олардың ауылшаруашылық жануарларымен бәсекелестігін зерттеу бойынша деректерді тек 2024-2026 жылдары жүргізу жоспарланған.

"Ақбөкендерді пайдалану жөніндегі жұмыстардың басталуы ақбөкеннің ресурстарын тұрақты пайдалану бойынша ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізуге серпін берді. Мәселен, 2024-2026 жылдарға Бетпақдала және Үстірт ақбөкен популяцияларын тұрақты пайдалану жүйесін әзірлеу бойынша жұмыстар жоспарланған", – делінген министрлік хабарламасында.

"Экология министрлігі ақбөкендерді популяциядан "жою" керек деп отыр. 2024 жылы ақбекендердің саны 3,6 миллионға жетуі мүмкін. Ақбөкендердің көбеюі жайылым мен шабындықтарға зиянын тигізеді.

Ақбөкендер жыныстық жағынан ерте жетілгендіктен, жыл сайын киік лағының саны 42% артып жатыр. Қазір ғалымдар ақбөкендердің санын 1 миллионға дейін азайтуды жоспарлап отыр. Бұл санға жеткеннен кейін киіктерді жоюға байланысты кез келген әрекет тоқтатылады.

Еске салайық, 23 қаңтарда экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкіметте өткен брифингте биыл ақбөкендердің санын реттеу кезінде 300 мыңы өлтірілетінін айтқан еді.

"Экологиялық негіздемеге сай киіктерді азайту көлемі белгіленеді. Қазір нарықта нақты қанша тапсырыс барын анықтап жатырмыз. Осы жылдың мамыр-маусым айларында тағы қанша ақбөкенді ату керек екені туралы ақпарат береміз", – деді Ерлан Нысанбаев.

Талқылау