Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2024 жылдан бастап газ бағасын көтеруіміз мүмкін – Энергетика министрі

Қазақстанның ішкі нарығында газ тұтыну көлемі күрт артқандықтан, 2024 жылға қарай экспорт көлемі қысқарады. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет кулуарында мұның елдегі газ тұтынушыларға әсері қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

газ

"Біріншіден, бұған дейін газ тұтыну бағасы елімізде айтарлықтай арзан болып келді. Екіншіден, іштегі бағаны экспорттың есебінен жабу жүйесі жұмыс істеген еді. Яғни экспорттан түсетін жоғары табыстың есебінен ішкі бағаны ұстап тұру мүмкін болды. Бірақ ішкі тұтыну көлемі артқанымен, газ өндіру көлемі артпай отыр. Сондықтан экспорт көлемін азайтуға мәжбүрміз", – деді Болат Ақшолақов. 



Айтуынша, газ экспортының қысқаруына байланысты үкімет 2024 жылы көгілдір отынның құнын арттыруға мәжбүр болмақ. 

"2024 жылы экспорт көлемі нөлге теңеледі деп күтіп отырмыз. Демек мүлде экспорт болмауы мүмкін. Соның салдарынан ішкі бағаны ынталандыру тетігі қалмайды. Газ бағасын көтеру керектігін ойлай бастаймыз деген сөз", –  деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов сенатта өткен үкімет сағатында алдағы уақытта Қазақстанда газ тапшылығы болуы мүмкін екенін болжаған еді. 

Талқылау