2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл деп танылды
2024 жыл тарихтағы "ең ыстық жыл" деп танылды. Зерттеушілердің сөзінше, 2025 жыл да ыстық үш жылдың қатарына қосылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Copernicus орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропалық Жерді қашықтықтан зондтау және картаға түсіру қызметі Copernicus орталығының мәліметінше, 1850 жылдан бергі бақылаулардың нәтижесінде 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл атанған.
Орталықтың мәліметінше, өткен жылы жаһандық орташа температура алғаш рет өнеркәсіпке дейінгі деңгейден 1,5 градус жоғары болды. 2024 жылдың қыс, көктем және жаз мезгілдері басқа жылдардың сәйкес уақытарымен салыстырғанда ең жылы мезгілдер болып танылды.
Орташа күндік ғаламдық температура бойынша да жаңа рекорд тіркелді. Рекорд 2024 жылдың 22 шілдесінде тіркеліп, 17,16 градусты құрады.
Зерттеушілердің сөзінше, 2025 жылы ауа температурасы өткен жылдармен салыстырғанда төмен болады. Алайда тарихтағы ең жылы үш жылдың қатарында енеді дейді.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек