Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жылда онлайн-саудаға қатысты 50 мыңдай шағым түскен: Депутаттар тұтынушылардың құқығын қорғайтын заңға өзгеріс енгізбек

Сегіз мың қазақстандық онлайн сауданың кесірінен шығынға ұшырады. Үкіметтің брифингінде сауда министрі өткен жылдың өзінде онлайн сауда жасағандарға 50 миллион теңгеден астам қаржыны қайтаруға көмектескенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

онлайн маркет

Десе де онлайн саудаға қатысты шағым саны артып келеді. Мәжілісмендер тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға өзгеріс енгізгені маңызды.

Қазақстанда онлайн сауда нарығы 2 триллион теңгеге дейін өсті. Халық арасында сұраныс артқанымен, шағым да қоса көбейіп жатыр.

“Сапасыз тауар келгені үшін шағымданғандардың шамамен 50 миллион теңгесін қайтардық. Негізінен тұтынушылардың құқығына қатысты қандай шағымдар бар? Өнім көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмейді. Өнім туралы ақпарат болмайды немесе тауар уәде берілгендей боп шықпайды”, – деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. 

Депутаттар тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға жаңа нәрсе енгізілетінін айтты.

“Интернет-сауда алаңының иесі әр жеке кәсіпкермен тұтынушылардың құқығын қорғау туралы келісім жасасады. Егер затты айырбастау қажет болса, ақшасын қайтарсын немесе тауарды алмастырып берсін”, – деді тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Болат Таңабергенов. 

Кейінгі бір жылда тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті 50 мыңнан астам өтінішті қарады. Олардың сегіз мыңы желідегі трейдерлердің айла-шарғысына түсті. Мұндай істердің 55%-ы алаяқтық фактілері болып шықты.

Талқылау