Қазақстанда 2022 жылғы діни күндер кестесі белгілі болды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2022 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп мәлімдеді ҚМДБ баспасөз қызметі. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кесте халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Дегенмен, пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.
Кестеге сәйкес, 2022 жылы ораза 3 сәуірде басталып, 1 мамыр күні аяқталады. Қадір түні – 28 не 29 сәуір. Ал құрбан айт мерекесі 9-11 шілдеге сәйкес келеді. Мәуліт – 7 не 8 қазан.

Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді