2021 жылы туған балалар қанша жыл өмір сүреді: Болжам жарияланды
Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры ЮНИСЕФ бүкіл әлем бойынша 2021 жылға арналған бала туу бойынша болжамды жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, 2021 жылы шамамен 140 миллион бала дүниеге келеді. Олардың өмір сүруінің күтілетін орташа ұзақтығы 84 жылды құрайды. Бұл олардың көпшілігі 2100 жылды қарсы алып, 22 ғасырдың басына куә болады дегенді білдіреді.
"Бүгін туған балалар бір жыл бұрынғыдан мүлдем өзгеше әлемге енеді, ал жаңа жыл оны қайта қарастыруға жаңа мүмкіндік береді. Бүгін туған балалар біз олар үшін құра бастайтын әлемді мұра етеді. 2021 жылды балалар үшін әділетті, қауіпсіз және сау әлем құра бастайтын жыл етейік", - деді ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Фор.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған