Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2021 жылдан бастап 4 баласы барлар көп балалы аналар санатына жатпайды": Ақпаратқа еңбек министрлігі жауап берді

2021 жылы төрт баланы өмірге әкеліп, бағып-қағып жатқан әйелдер көп балалы аналар санатына жатпайды! Тіпті олардың жәрдемақасы да қысқаратын болады. Әлеуметтік желіде дәл осы сарындағы әңгіме желдей есіп, қызу талқылануда. Бұл шынымен рас ақпарат па, әлде құр қауесет пе? Жұртты екіұдай ойға қалдырып қойған бұл жағдайға қатысты еңбек министрлігі қандай уәж айтты?

42 500 теңге: Қаражаттың түскені туралы хабарлама келгенімен шотқа түспесе, банкке хабарласыңыз

Бұл туралы Еуразия арнасы хабарлайды.

"4 балалы аналарды алып тастайды деген келіспеймін. Баланың бағудың өзі оңай емес.  Қарсымын мүлдем!", - деді көп балалы ана Марина Нүсіпова. 

Бұл күнде әлеуметтік желіде 4 балалы аналардың жәрдемақысы қысқартылып, тіпті 2021 жылы олар «көпбалалы аналар» санатына кірмейді деген алыпқашпа әңгімелер тарауда. Ондағы жазбаларға үңілсек, алдағы жылы төртінші перзентін босанатын әйелдер, әлгі көмекке ілінбейді екен.

"Көп балалы санатын алып тастай берген дұрыс. Қазір әр балаға 11500 теңгеден беріп жатыр. Баласы бар аналар 44000 алып жатыр айына. Мысалы, ол баланың тамағы бар, киім-кешегі бар. Демеу болады деп ойлаймын! Қазіргі уақытта азық-түлік те қымбаттап жатыр",- деді көп балалы ана Айнұр Ысқақова.

Мәселенің жай-жапсарын білмек болып еңбек министрлігіне хат жолдадық. Құзырлы органдағылар мұның әншейін қауесет екенін, шындыққа еш жанаспайтынын хабарлады.


Көпбалалалы ана мәртебесі мен көпбалалы отбасы жәрдемақысы. Қалай алуға болады?

Төрт балалы аналардың жәрдемақысын қысқарту, оларды көп балалылар санатынан алып тастау мәселесі мүлдем қаралып жатқан жоқ екен.

"Ресми ақпарттарға ғана сүйенуді, соған сенуді соған сүйене отырып, ақпарттарды, жалған ақпарат тартпауға шақырам азматтарды. Бұл бағытта менің айтарым: ол көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі, ол 2000 жылдың басынан келе жатқан жүйе. Оны алып тастау қаралған жоқ. Оны керісінше, өздеріңіз білесіздер оны биылғы жылдан бастап біз отбасының құрамындағы бала санына қарай әлеуметтік төлем жүйесін диффренциалды түрде тағайындауды жүзеге асырдық", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Асқар Ниязов. 

Министрліктің мәліметінше, елімізде көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 400 мыңға жуық отбасы алды. Ал 1 шілдеден бастап көп балалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақыға қол жеткізіпті. Атап айтқанда, "Өткен жылдардан, мысалы айтсақ, отбасыларға жалпы төленетін ақшаның көлемі 10 500 тенгені құрап отырды. Ал қазіргі таңда 4 баласы бар отбасыға 44500 теңгенің көлемінде. 5 баласы болса, 55 мың теңгенің көлемінде. Яғни, әрбір бала қосылған сайын, 11 мың теңге көлемінде қосымша қосылып отырды. Бұл және де баламен шектеліп қалып жатқан жоқ. Керісінше сегізінші баладан бастап, әр балаға 4 МРП-дан қосымша төлем төленеді", - деді Асқар Ниязов.

Айта кетейік, аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп, кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Мәселен қаңтар-қазан айында көп балалы аналарға 191 миллиард теңгеге  жуық жәрдемақымен тағайындалыпты.

Талқылау
Пікір
Арухан
29 Қыр, 21 жыл - 18:21

Сәлеметсіз бе 4-баламның біреуі 18-ге толса жәрдем ақы бәріне төленбейме

Жанар
27 Қыр, 21 жыл - 01:37

Сәлеметсіздерме,көкейімдегі сұраққа жауапты осы жерден алармын деп ойлаймын,мен көпбалалы ,азқамтылған отбасы қатарына жатамын, мен АӘК аламын, күндізгіде оқитын 16жасар балам бар,маған сол балама қандай көмек ала аламын?

Oryngul
25 Там, 21 жыл - 15:08

Cәлеметсіздер ме ?Қазақстандық аналар менин жасым 35 те, уш баланын анасымын, айтайын дегеним коп балалы аналарды жаксы тусинуге болады, казир бари кымбат, мейли онын 4 баласы болсын, мейли 10 баласы болсын, бари бала гой! Кобейсе казак азаматтары кобейип жатыр, даже баганагы мемлекет беретин 44000 тенге акша ол только бир баланын озине гана арен жетеди, карапайым аналар ушин ол да аз, болса да комек кой! Осы маселени неге дурыстап карамайды екен. ол жардем акыны алу ушин де, каншама сандалу керек, коп балалы ана ушин оган туган жайлы справкасы мен туу туралы куаликтин ози жеткиликти емес па? Казир кимнин тугысы келеди, туса да ойланып туады гой! Бир баланы асырап жеткизудин ози каншама кушти талап етеди, бала 1 жаска келип бала болып кетеди деп айта алмаймын, али тили шыкпаган, аягы шыкпаган, оз еркимен тамак ише алмайтын баланы калай тастап кетуге болады,карапайым аналар жумыска шыгу ушин кутуши жалдай алмайды гой! Ол бала пока 3 жаска толганша ауырады, температурасы болады, тиси шыгады дегендей ауыратын кезендери коп кой! 3 жастан аскан баланын кишкене имундык жуйеге карсы келе бастайтын кези, ал неге коп бала туа береди деген жогаргы жакта отырган мырзаларга айтатыным, Китай мемлекети сиякты кобейтпейтин зан шыгарып, арнайы клиникалар ашып карандар, и так та казак ели аз гой! Мына карантинде коби олип битти, мемлекет болу ушин де халык керек шыгар, курып жогалып кетей, барынша комек жасаныздар, ананы мынаны сурата бермей, баспанасы жоктарга баспана бериндер мейли онын басында уйы болсын, осип келе жаткан балаларына да баспана керек шыгар, алде осип калган 4,5 баламен 1 болмели уйде туру керек па? Салынып жаткан уйлеринди кызганбай бериндер, баска мемлекеттен келген Озбек, Турик , Кыргыз алганша казактар алсын, неге жандарын ашымайды деймин, менин пикириме ким косылады.

Зухра
15 Нау, 21 жыл - 00:48

Мен көпбалалы анамын Аллаға шүкір жасым 37де болса да 8 баланың анасымын, 2жиенімнің әжесімін. Көп балалы аналарға қандай көмектер беріледі? Әлеуметтік көмек дейді, оны да дұрыс бермейді, ешкімнен ешқандай да көмек жоқ, үкіметтен бөлінетін тиесілі ақшаны да дұрыс алалмай жүрмін, жағдайым мәз емес. Карантин ге байланысты азаматтық некедегі жолдасым жұмыссыз қалды. Кішкентайым 2айдан асты, қиналатыным сонша сүтін алалмай отырмын. 1ші жолдасымнаң заң жүзінде ажырасып кеттім, әлеуметтік көмек (АСП) жинау үшін сол ажырасқан жолдасымды тауып алиментке қуының керек дейді, бәлен жыл көрмеген қайда екенін де білмесем, маған іздеп тап деп неге талап етеді, түсінбейтінім заң жүзінде ажырастым алимент ке қуынбаймын дедім, білгім келетіні бұрынғы өткен өмірдің әлеуметтік көмек ке не қажеті бар екен соны білгім келеді 

Айнура
08 Қаң, 21 жыл - 23:29

Бала күтімі 3 жасқа дейін деп бекітілген заңда. Бірақ ана 1 жасқа дейін ғана жәрдемақы ала алады. Негізі 3 жасқа дейін төлену керек. Анада баласын 3 жасқа дейін тәрбиелей алады. Қазір аналар 1 жасқа толғаннан кейін амал жоқ жұмысқа шығып кетеді. Жұмыстағы ұжымғада жұмысшы келу қиын. 1 жылға бола ешкім келгісі келмейді. Халқымыз 1 млрд.болса қалай асырайды үкімет. Халықтың саны көбейсін десе билік аналарға жағдай жасау керек. 

Асылай
08 Қаң, 21 жыл - 01:53

Әр бала басына 11мың көлемінде төленіп отырады дейді,сонда 1.2.3 баласы барларға неге солай төленбейді екен?

Бірдеңе болса бала туғанын міндет қылып деп шығады,мәселе онда емес,ешкім біреу үшін тумайды,туса өз баласы өз ұрпағы,«Ана мен Бала» денсаулығын қамтамасыз ету үкіметтің міндеті. 

Жасқа дейінгі ақшаны береді де сосын ол балалар жұмысқа жарап кететіндей 1жасқа толғаннан кейін болды тоқтатып тастайды,олай мүлдем дұрыс емес. Әр бала басына 18жасқа яғни кәмелет жасына келгенше төлену керек. 1.2.3 баласы барлар да адам, әке-шеше дегендер

Олар онсыз да сол бала шағаларын асыраймын деп күндіз түні иынбпй еңбек етеді.

 

Маржан
04 Қаң, 21 жыл - 00:27

5баланын анасымын,бари кымбат,туганга миндет емес,азык тулик,ким кешек арзан болса ,онда баска жандай

Сабира
02 Қаң, 21 жыл - 06:33

4 балалы ананын ен улкени 23 ке толгасын,калган ушеуине толене берема?