Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылы Қадір түні мен Ораза айт қай күні болады

Биыл Рамазан айы 24 сәуір жұма күні басталады. Бұл жылғы ораза 30 күнге ұласады. Ай ортасында мұсылман қауымы қасиетті Қадір түнін күтіп, ораза соңында айт мересін тойлайды.

2020 жылы Қадір түні мен Ораза айт қай күні болады

Биыл қасиетті Қадір түні 19 мамыр, сейсенбі күніне сәйкес келеді.

Бұған дейін Қадір түні 21 мамыр күні деп жарияланған болатын. Алайда діни басқармасының соңғы ұйғарымы бойынша, 19 мамыр күні деп бекітілді. 

«Ләйләтүл Қадір түні» - пайғамбарымыз Мұхамед Мұстафаға (с.ғ.с) алғашқы Құран сүрелері жіберілген уақыт. Әдетте ғалымдар Қадір түні Рамазан айының соңғы он күніне сәйкес келеді деп болжайды. Ал, Қадір түні ауа жылы, жауын-шашынсыз, тыныштық күйде өтетіні айтылған. Қадір түнінде мұсылман қауымы жамағат болып намаз оқиды, дұға етеді, Құран оқиды. Аллаға құлшылық жасайды. Қадір түніне қатысты Құранда көп айтылған. Бұл күні адамның бір жылғы тағдыры жазылып, кешірім тілесе, кешірім берілетіні, не тілесі дұғасы қабыл болатыны жазылған.

Осы себепті ниет еткен жандардың уақытын құлшылықпен өткізгені абзал. 

Ораза аяқталысымен мұсылмандардың мерекесі - Ораза айт басталады. Ораза айттың бірінші күні 24 мамырға сәйкес келеді. 23 мамыр - Арафа күні. Ораза айт 24, 25, 26 мамыр күндері тойланады. Бұл күні барша мұсылмандар бір-бірін құттықтап, жақсы тілегін айтып, бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Дастархан жайып, Құран оқытады. 


Талқылау