20 жылдық келісім: Қазақстан Тәжікстаннан электр энергиясын сатып алмақ
Қазақстан Тәжікстанмен электр энергетикасы саласында Рогун су электр станциясынан электр энергиясын сатып алуды көздейтін 20 жылдық келісімге қол қоймақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Рогун электр станциясы
"Қосымша берілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", – делінген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасында.
Құжатқа сәйкес, "Рогун ГЭС" ААҚ ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы "RES" ЖШС үшін РФҚ-ны электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Келісім 10 жылға ұзарту мүмкіндігімен 20 жыл мерзімге мемлекетаралық электр желілері арқылы тапшылық кезінде жоспарлы электр энергиясын жеткізуді қарастырады. Электр энергиясының құны 1 кВт/сағ үшін 0,034 долларды құрайды.
Қазақстанда 2029 жылға дейін қанша жылу және су электр станциясы салынатыны айтылды
Шарттың ерекшелігі Рогун ГЭС-і іске қосылғаннан кейін сатып алынған электр энергиясының әрбір бірлігі үшін сатып алушыға көміртегі несиелерін беру болып табылады.
Электр энергиясы үшін төлем есеп айырысу мерзімі аяқталғаннан кейін 35 күн ішінде жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін Сатып алушы үш жыл мерзімге банктік кепілдік береді.
Даулар туындаған жағдайда тараптар Сингапур халықаралық арбитраж орталығына (SIAC) жүгінеді. Құжат орыс тілінде жазылған және Сингапур заңдарымен реттеледі.