Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"20 жыл бойы зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым": Нұр-Сұлтанда екі баланың анасы жолдасынан зәбір көргенін айтады

Нұр-Сұлтанда 2 баласы бар әйел 20 жылдан бері жолдасынан зәбір көріп келеді. Айтуынша, балаларының көзінше талай рет аяусыз соққыға жығылған. Мұндай жағдай елімізде, өкінішке қарай, жиілеп тұр. Қазақстан әлем бойынша ажырасудан екінші орында. Мадина кіші баласын жетектеп дағдарыс орталығына келген. Басқа барар жерім жоқ дейді.  20 жыл отасқан жолдасы күнде өлтірем деп қорқытып, күн бермеген. Сосын амал жоқ ажырастым дейді ол. Екі баланың біреуі әкесінде қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.   

“Мені бұрынғы күйеуім 20 жылға жуық ұрып келді. Арамызда кәмелет жасына толмаған 2 баламыз бар. Олар бәрін көріп жүрді. Ең соңғы рет мені соққыға жыққан кезде, балаларымның көзінше аяқпен де, қолмен де ұрып-соқты. Кішкентай ұлым қасымда отырып, папа қойшы деп жылады”, – дейді қала тұрғыны Мадина.

Айнұр да күйеуінен таяқ жеген. Оның да шаңырағы шайқалғалы тұр. Үйінен қашып, әр жерде бас сауғалап жүр.

“Мені қамап ұрып-соқты. Сыртымнан құлттап, балаларды әкетіп қалды. Біз бірінші этажда тұрамыз, терезеден шықтым. Телефон, документтерімнің бәрін алып қойған таксимен сіңлімнің үйіне бардым, сол үйден 102-ге хабарластық”, – дейді ол.

“Ажырасудың көбеюі күрделі мәселеге айналғанына депутаттар  алаңдаулы. Елімізде күн сайын 150 жұп айрылысады.  Бұл жағдайдың алдын алу үшін мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы сабақ енгізуді ұсынды”, – дейді қала тұрғыны Айнұр.


Алма теруге барған: Түркістан облысында 21 жастағы жігіт тоққа түсіп көз жұмды 


ҚР Парламенті мәжілісіні депутаты, “Nur Otan” фракциясының мүшесі Дархан Мыңбай ажырасудың негізгі себебін әлеуметтік жағдай ғана емес дейді.

“5 жыл ішінде орта есеппен күніне 389 неке тіркелсе, оның 150-інің некесі бұзылған. Бәрін әлеуметтік жағдайға сілтей салу қисынды ма? Біздіңше, маңызды проблемалардың терең түбірі жастардың тәрбиесінде, олардың ортасына да байланысты. Ажырасудан ең көп зардап шегетін балалар екендігі шындық”, – дейді ол.

Мамандардың айтуынша,  жастар, істейтін жұмыс, тұратын баспана болмаған соң отбасын сақтай алмай отыр.

Медиатор Берік Көкбайұлы 20-40 жастағы адамдардың арасында ажырасу басым екенін айтады.

“Ажырасу, алимент, әкелікті тану, балалармен әкелерінің мәселелері көп. Үйленіп алады да, ертеңінде жұмыс жоқ, тұратын үй жоқ, осындай жағдайлар ажырасуға әсер етеді”, – дейді ол.


Қазақстандықтар проблемалық несиесі бар азаматтарға рақымшылық берілуін талап етті 


 

Талқылау