Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жыл бойы қашып жүрген италиялық мафия басшысы Google Street View сервисінің көмегімен ұсталды

Джоаккино Гамминоға кісі өлтіргені үшін өмір бойы бас бостандығын айыру жазасы тағайындалған. Ұзақ уақыт іздеуде болған италиялық қылмыскер Мадрид маңындағы Галапагар қаласында ұсталды. Он жылға жуық уақыт Мануэль есімімен өмір сүріп, аспаз болып жұмыс істеген және жеміс-жидек дүкеніне иелік еткен. Қылмыскерді Google Street View сервисінің камерасымен тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

қылмыскер

Батсапқыда полицейлер суретке түсіп қалған ер адамды Гамминоға ұқсас адам деп ойлаған. Алайда кейін Facebook-тағы "La Cocina de Manu" мейрамханасының парақшасынан оның фотосуретін тауып алған. 

Сервис түсірген суретте Гаммино аспаз киімін киген. Полицейлер қылмыскерді иегінің сол жағындағы тыртығы арқылы таныған. Мейрамхана мәзірінде "Cena Siciliana", яғни "Сицилия кешкі асы" атты тағам болған. 

Гаммино сицилиялық Агридженто қаласындағы мафия құрамында болған. Олар 1990 жылдары "Коза Ностра" қылмыстық тобымен жауласқан. Алғаш рет Гаммино 1984 жылы қамауға алынған, екінші рет 1998 жылы темір торға тоғытылды. Гамминоны кісі өлтіру және өзге баптар бойынша кінәлі деп тапқан. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырып, Римдегі түрмелердің бірі тоғытылған. 

2002 жылы Rai арнасына арналған телехикаяның түсірілімі дәл осы түрмеде өтеді. Түсірілімді пайдаланған Джоаккино абақтыдан қашып үлгерген, ал жергілікті басылым оны туысқандармен кездесу кезінде күзетшілерден сытылып кетті деп жазған. 

Түсірілім уақытында тұтқындар арасында төбелес басталған. Бұдан кейін қылмыскерлердің бірі қоршауға өрмелеп, төменге түсуден бас тартқан. Күзетшілер назары басқа жаққа ауғанда Гаммино қашып кеткен. Тергеу нәтижесі бойынша, төбелесті әдейі, Гаммино кетіп үлгеру үшін шығару мүмкін екені анықталды.

Гаммино 2021 жылы 17 желтоқсанда ұсталды, алайда оның қолға түскені туралы мәлімет енді тарады. 

"Бұл біздің жұмыс уақытымызды Google Street View сервисінде өткіземіз дегенді білдірмейді. Тергеу нәтижесінде біз Испанияға келдік. Гамминоның мұнда екенін білдік, ал сервис жасаған фотосурет біздің болжамымызды нақтылады", –  деді прокурор Палермо Франческо Ло Вой.

Қазір Гаммино Испания абақтысында. Италиялық полицейлер мафия басшысын Италияға ақпан айының соңына қарай қайтаруды жоспарлап отыр. 

Джоаккино Гаммино өзін таба алмайтынына сенімді болған. Тұтқындау барысында ол Сицилиямен байланысын үзіп, отбасына 10 жылдан астам уақыт хабарласпағанын айтқан. 

Талқылау