Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"20 күн ес-түссіз жаттым": Құрманай Бақтиярқызы қандай сырқатқа шалдыққанын айтты

Белгілі сазгер, асаба, ақын, композитор Құрманай Бақтиярқызы қандай дертпен күресіп жүргенін бүкпесіз баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy/

Өнер иесі алаңдап жатқан оқырман қауымға алғыс айтып, бүгінде денсаулығы қалыпты екенін жеткізді. 

“Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп жақсы өткен. Асқазан ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализ жақсы шығып, отадан соң тұрып үйге қайтқанмын. "Ішек спайка болған, тілу керек, әйтпесе болмайды" деді. Ары қарай білмеймін. Комаға түсіп, өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен әлемдік концерттерде жүрдім. Иә, анық көрінеді. Жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқанымды көрген достар бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой, бір пайыз ғана үміт бар, дайын болыңыздар" деген екен”, – деп бастады әңгімесін сазгер. 



Өнер иесінің айтуынша, қазір құлан-таза айығып, денсаулығы дұрысталған. Сондай-ақ қиын сәтте жанынан табылып, қолдау білдірген достарына алғыс айтты. 

“Бұл тақырыпты осы жазбамен жабамын. Жаман күндер артта қалды. Бір дертке шипа іздегенімде Алла ауыр көтере алатын сынақ беріп, он дертімнен айықтырды. Ішекті бірнеше рет жуғызды, асқазанның жарасын да, артығын да кесті. Қан да тазарды, ұйқы бездер орнына келді. Қан қысымы мүлде жоғалды. Әр қиындықтың артында үлкен қайырлы жеңілдігі, қуанышы бар деп тегін айтпаған. Өзіме емес, көзіме, құнды сөзіме мән бер, халқым. Мен сіздермен сондай бақыттымын", – деп жазды ақын. 

Еске салайық, өнер иесі жиі отаға түсуінің себебін дәрігердің қатесі деп айтқан еді. 

Талқылау