Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 ақпанда Түркия мен Сирияда қайталанған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны артып келеді

20 ақпанда таңертең Түркия мен Сирия шекарасында болған жер сілкінісінен 11 адам өліп, 700-ден астам адам жараланған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.

турция жана

Түркияда алты адам өлгені туралы Түкрияның табиғи апат салдарын жою басқармасына сілтеп Hurriyet газеті хабарлаған. Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның сөзінше, 18 адам ауыр жараланған. Оларды Адана мен Дөртйол қалаларына жеткізген. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Al Arabiya телеарнасының мәліметіне қарағанда, Сириядағы зілзала кезіндегі дүрбелең салдарынан Алеппо мен Тартус қалаларында төрт адам өлген. Sky News Arabia хабарына қарағанда, тағы бір әйел Жерорта теңізінің жағасындағы Латакия қаласында өлген.



Сейсмологтар Түркияның Хатай провинциясының маңында Рихтер шкаласы бойынша 6,4 және 5,8 балл болатын екі дүмпу болғанын мәлімдеген. Хатай провинциясының мэрі үйінді астында адам қалғанын хабарлаған.

Ал соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 50 мыңға жеткен.

Талқылау