2 миллион теңгеге дейін: Алматыда зардап шеккен дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді
Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және өрт сөндірушілерге 2 миллион теңгеге дейін қаражат беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.
"Осы қиын күндері зардап шеккендерге өтемақы төленіп, қолдау көрсетіледі. Жарақат алған құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ өрт сөндірушілерге өтемақы төлейтін боламыз", - деді қала басшысы.
Өтемақы мынадай көлемде төленеді:
- ауыр жарақат алғандарға – 2 миллион теңге,
- орташа жарақат алғандарға – 1 миллион теңге,
- жеңіл жарақат алғандарға – 500 мың теңге.
"Сондай-ақ ТЖ кезінде жұмыс істеген құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетіледі", - деп толықтырды Сағынтаев.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды