190 отбасы тұрады: CҚО-да қатты жел 4 үйдің шатырын ұшырып әкетті
Солтүстік Қазақстан облысында Ғ. Мүсірепов атындағы аудан орталығы Новоишимское ауылында қатты жел көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар депаратментінің мәліметінше, жылдамдығы секундына 30 метр болатын қатты жел соғып, жаңбыр мен бұршақ жауған.
Ауа райы қолайсыздығынан екі елді мекен Новоишимское және Пески жарықсыз қалды.

190 отбасы тұратын үш көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай ұшқан. Олар 1961, 1987 және 1988 жылдары салынған үйлер. 1981 жылы салынған 40 пәтерлі тұрғын үйдің кірпіші мен шатыры, "Amanat" партиясы ғимаратының және "Нұрсәт" сауда орталығының қасбеті зақымдалған.
Зардап шеккендер жоқ. Материалдық залалды бағалау жөніндегі комиссия құрылады.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"