Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жастағы жігіт «ВКонтакте» желісіне аудиожазба жүктегені үшін сотталуда

«Вконтакте» әлеуметтік желісіне аудиожазба жүктегені үшін ақтөбелік азамат бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

джихад

Бұл туралы “Ақтөбе таймс” хабарлады.

«Біз үшін Оның жолында етке айналу құрмет. Мейлі, біз бірнеше бөлікке бөлініп, қуырылған ет бөлшегіне айналсақ та, осы қалпымызда қайта тірілсек болды. Неліктен осылай жасағанымызда сұраса, біз: «Сен үшін, О Аллах, сенің жүзіңді көру үшін, о Аллах!» – деп жауап береміз». Маулид Еменов өз парақшасына жүктеген нашид-мұсылман әуенінің мәтіні осындай. Тергеушілер Маулидтен терроризмге шақыратын 8 аудиожазба тапты. Дәл осы себептен ол 9 қараша күні сот алдында жауап берді.

Маулидтің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 256 «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Вконтакте» желісінде Maka Muslim есімімен тіркелген Маулид тек аяушылық туғызады. Ата-әжесінің қолында өскен баланың әкесі жоқ, ал анасы бөлек тұрады. Қызмет көрсету колледжінде білім алған. Тергеу анықтағандай, жігіт әлеуметтік желідегі парақшасын осы жылдың тамыз айында ашқан. Ол үшін анасының смартфонын алған. Одан кейін өз парақшасына исламдық аудиожазбалар жүктеген. Олардың ішінде «Джихадқа шақыру», «Түрткі бол», «Жүр, күресейік, жүр» атты жазбалар бар. Айта кететін жайт, нашидтердің бір бөлігі Маулид өзі де түсінбейтін араб тілінде.

«Тамыз айынан бастап күніне 5 рет намаз оқи бастадым. Қазір оқымаймын, себебі бәрін түсіндім. Бір жағы қазіргі күн тәртібім оған мүмкіндік бермейді», – деп түсіндірді Мака сотта.

Жігіт нашидтерді жүктегенін мойындап отыр. Алайда ол бұл жазбаларды ешкіммен бөліспегеніне сендіруде.

«Өзімнің парақшама жүктеген кезде ешкім көрмейтіндей етіп қойдым. ҰҚҚ менен жауап алған кезде оларға өз парақшамның логині мен құпия көзін айттым. Өзгелердің көруіне солар жол берген шығар», – деп түсіндірді ол.

Қазіргі уақытта сот аталмыш жазбаларды біреудің көрген-көрмегенін анықтауда. Егер жазбаларды әлдекімнің тыңдағаны анықталса, жігіт 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда тұрғындар тегін азық-түлік үшін шешініп тастады (видео)

Астана тұрғыны із-түссіз жоғалған егіз ағасына іздеу жариялады

Шығыс Қазақстанда 8 жасар қызды өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті

Олар бәрі бірге отырып арақ ішкен. Мусинованы зорлаған күдіктілердің туыстары қорғай бастады

 

 

Талқылау