17 жастағы қазақстандық шахматшы әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңді
17 жастағы қазақстандық шахматшы төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанды жеңді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Турнир Астанада өтті.
"Астана өкілі Меруерт Камалиденова шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы және 2022 жылғы классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионы. Ол төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанға бірде бір мүмкіндік бермей, сенімді түрде жеңіске жетті!" – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманованың 11 жеңісі, 4 жеңілісі және бір ғана ұтысы бар.
Астанада әлемнің әйелдер құрамасы мен Қазақстан құрамасы арасындағы матч аяқталды. Қазақстандық спортшылар әлем құрамасынан 55:73 есебімен жеңіліп қалды.
Әйелдер құрамасы матчының жалпы жүлде қоры – 5 50 мың.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

