Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"17 дәрігер анықтай алмаған": Жасанды интеллект балада сирек кездесетін ауруды анықтап берді

Ұлыбританияда Chat GPT балада сирек кездесетін ауруды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Dailymail

Төрт жасар Алекстің анасы 17 дәрігер баланың сирек кездесетін ауруын анықтай алмаған соң ChatGPT жасанды интеллектінің көмегіне жүгінген. Бала үнемі ауырсынуды сезініп, салдарынан ашуға бой алдырып, тез шаршайтын болған. Оның себебін анықтау үшін талай рет тексерілгенімен, мамандар оның себебін таба алмаған. 

Алекстің анасы ұлының сырқатын білу үшін барлық медициналық сынақтарын ChatGPT-ке жүктеп салған. Нәтижесінде жасанды интеллект баланың сирек кездесетін ауруын анықтап берген. Онда омыртқа арқаның тиісті қорғанысын қамтамасыз етпейді, бұл жағдай Құрама Штаттардағы жаңа туған нәрестелердің 1%-дан азында кездеседі делінген. 

Соңғы зерттеулерге сәйкес, ChatGPT дәрігерлермен салыстырылатын ауруларды диагностикалауда жақсы нәтиже көрсетті. Сонымен қатар USMLE медициналық емтиханынан сәтті өтті. Бұл нәтижелер технологияның диагностика мен емдеу сапасын жақсарту үшін медицина мамандарына көмекші құрал ретінде әлеуетін көрсетеді. Дегенмен бұл дәрігерлердің кәсіби кеңесін алмастырмайтынын есте ұстаған жөн.

Жасанды интеллект диагностика мен емдеу сапасын жақсартуға көмектесетін медицина мамандарының қолындағы қосымша құрал бола алады, бірақ кәсіби медициналық пікірді алмастырмайды.

Талқылау