"155,5 млрд теңгеге жетті": Ауыл шаруашылығы министрі әкімдіктердің шаруалар алдындағы қарызының қанша екенін айтты
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров әкімдіктердің шаруалар алдындағы қарыз көлемін жариялады. Бұл жөнінде министр Үкімет отырысында айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, әкімдіктердің шаруалар алдындағы субсидия қарызы 155,5 млрд теңгеге жеткен.
"Қазіргі таңда әкімдіктердің деректері бойынша фермерлердің алдындағы субсидиялау бойынша қарыздарды өтеуге деген қажеттілік 155,5 млрд теңге болып отыр. Фермерлер осы субсидиялар сомасын жылдың соңына дейін төлеуді сұрап отыр", - деді министр Үкімет отырысында.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес