"15 жылдан бері осындай бақытқа жете алмай жүрмін": Жахан Отарғалиев өнердегі әріптесі Шерхан Пірназарды жылатып қойды
Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев кіндік баласының әке-шешесіне тосынсый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видеодан скриншот
Отандық фильмдерде жиі бой көрсететін актер Шерхан Пірназар Рауан есімді ұлына кіндік әкесі етіп Жаханды таңдаған екен. Өнер иесі қонаққа құр қол келмей, үй иелеріне арнайы сыйлық дайындап келген. Актер әуелі кіндік баласына кішкентай көлік тарту етіп, оны ерекше қуантты. Одан кейін ол досы мен оның келіншегіне күтпеген жерден сыйлық жасады. Ерлі-зайыптыға қажылыққа 12 күнге жолдама сыйлады.
“Осыдан екі жыл бұрын Рауанның кіндік әкесі етіп атадыңдар. Өмірімде екі адам солай атады. Біріншісі, туған інім Бауыржан, сосын – сендер. Осындай бақытқа жете алмай жүргеніме 15 жыл болған екен. Бұл – менің кішігірім сыйлығым. Жақындарың сендерді таңғалдыру оңай емес екенін айтты. Мен тырысып көрдім. Міне, сендерге Умраға жолдама. 12 күн Меккеде боласыңдар. Қағбаны құшақтап, жылап, дұға тілеңдер! Отбасыңызға береке, бірлік сұраңыздар. Ең бастысы, екеуің тату болыңдар", – деді актер.
Еске салайық, Жахан Отарғалиев ажыраспау үшін қолынан келгенін жасағанын жазған едік.