Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"15 құрсақ көтерген құдағайыма жол бердім": Жеңіс Ысқақова немересін бесікке салу рәсімін өткізді

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова жақындарының басын қосып, немересін бесікке салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhenisiskakova/

Айта кетейік, жақында әнші Instagram-дағы парақшасында "Немеремді қарсы алуға асығып барамын. Әжелер қатарына мен де қосылдым", – деп көпшіліктен сүйінші сұраған еді. 

“Айлинтайдың нағашы әжесі, он бес құрсақ көтерген асыл ана шөбересінің бесігін өзі алып келді. Осындай бақыт баршаңызға жұғысты болсын. 83 жастағы құдағайыммен бірге дастархан басында ән салдық!”, – деп жазды мәдениет қайраткері. 



Еске салайық, өнер иесі халық әртісі Мақпал Жүнісовадан сүйінші сұрап, немересінің руын айтқан еді. 

"Сүйінші, өмірге тағы бір арғынның қызы келді. Сіз сияқты арғын. Лайым, жұғысты болсын! Мерей қызымыз сізге де немере сыйласын!",  – деген еді Жеңіс Ысқақова. 

Бұған дейін, "Тоқал алғандардың дәуірі жүріп тұр" деп Жеңіс Ысқақова тоқалы бар шенеуніктерді жазалауды ұсынғанын жазған едік. 

Талқылау