Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"15 кәсіпорында ереуіл болды": Еңбек министрлігі жұмысшылар жиі наразылыққа шығатын салаларды атады

Биыл еліміз бойынша 15 кәсіпорында ереуіл ұйымдастырылды. Жұмысшылардың наразылыққа шығуына негізінен жалақының аздығы себеп болған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ОКҚ алаңында өткен брифингте комитет төрағасы жұмысшылар жиі наразылыққа шығатын салаларды атады.

“Биыл республика бойынша 15 кәсіпорында ереуіл болды. 3 сағаттан астам жұмыс тоқтатылған. Қазіргі уақытта барлық ереуілдер аяқталды. Мекемелер қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр. Қызметкерлердің негізгі талаптары – жалақыны көтеру, "ҚазМұнайГаз" АҚ еншілес тәуелді ұйымдарының штатына ауыстыру, сыйлықақыларды төлеу, еңбек жағдайларын жақсарту, жалақыны индекстеу, қызметкерлерді босату тәуекелдері және т.б. жағдайлар болған”, - деді комитет төрағасы.

Төлеген Оспанқұлов атап өткендей, салалық бөліністе жанжалдардың негізгі үлесі мұнай-газ, тау-кен металлургиясы және коммуналдық кәсіпорындарда, сондай-ақ олардың тапсырыс алатын ұйымдарына тиесілі.

“Наразылықтың туындау себептерінің бірі – сервистік компаниялар келісімшарттарының қысқа мерзімге жасалуына байланысты, еңбек жағдайларын жақсартуға мүдделілігі болды. Осыған байланысты қызметкерлер ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауды талап етуде. Барлық ереуіл Еңбек кодексінде белгіленген қызметкерлердің талаптарын ұсыну рәсімдерін сақтамай, стихиялық тәртіппен өтті. Осыған байланысты 5 соттың шешімдерімен ереуілдер заңсыз деп танылды”, - деп түсіндірді Төлеген Оспанқұлов.

Талқылау