"14 жасар бала көз жұмды": Қылышпен қаруланған ер адам көшедегі адамдарға шабуыл жасады (видео)
Лондонның шығысында самурай қылышымен қаруланған ер адам көшедегі адамдарға шабуыл жасады. Салдарынан бір бала қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Оқиға куәгерінің айтуынша, белгісіз ер адамның қолында үлкен қылышы болған.
"Жатын бөлменің терезесінен бәрін көрдім. Ол менен бір-екі үй қашықтағы үйлердің арасындағы өткелге кіріп кетті. Үйден жүгіріп шықтым, сол кезде полиция оны электрошокермен соқты", - деді жергілікті тұрғын Крис Бейтс.
Полиция басшысы Стюарт Беллдың сөзінше, Хейнотта болған оқиға салдарынан 14 жасар жасөспірімді көз жұмған. Тағы төрт адам мен екі полиция қызметкері жараланған. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген.
36 жастағы жабуыл жасаған ер адам қамауға алынған.
“Полиция қызметкері оны электрошокермен соққандықтан әзірге ауруханада жатыр. Әлі жауап алынбады. Біз мұны лаңкестік әрекет деп санамаймыз”, – деді полиция басшысы.
Король Чарльз III атынан Букингем сарайы қылмысқа қатысты мәлімдеме жасады.
"Король жағдайдан хабардар етуді сұрады. Ол қайтыс болған жасөспірімнің отбасына қайғыра көңіл айтты. Дер кезінде әрекет еткен төтенше жағдай қызметкерлеріне алғысын білдірді", – деді Корольдіктің баспасөз қызметі.