14 наурызда елімізде Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Ақорданың мәліметінше, жиында мемлекет басшысы сөз сөйлейді.
“Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады”, – делінген хабарламада.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары Ұлытауда, Түркістанда және Атырауда өткен еді.
Еске салсақ, былтыр Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы Атырауда өткені туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар