Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«14 ер адам бір қызды зорлаған»: Белгілі адвокат Тоқаевқа сұмдық жайттарды айтты

Қостанай облысы Арқалық ауданының іргесіндегі ауылда 14 ер адам бір қызды зорлаған. Бұл туралы адвокат, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Омарова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттгі.

қыз қол

Адвокат бұл істі президенттің өз қарауына алуын сұрады.

"Кішкентай ауылда 14 ер адам бір қызды зорлаған. Соңында қыз босанып алды. Бірақ полиция кінәлілерді қамамаған. Халықтың соңғы үміті – сот болып тұр. Барлығы сот әділетті болса екен деп ойлайды", - деді Омарова 
Президент жанындағы Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында.

Сондай-ақ, ол балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық мәселесін де көтерді.

«Сарыағаш ауданындағы интернатта 13 жасар баланы бір жыл бойы зорлаған. Оны балалар "тесік" деп атаған», – дейді Омарова.

Адвокат сот жүйесіне өзгерістер қажет екенін де атап өтті.

«Ешкім кімге, қай кезде, қандай іс болғанын білмейді. Бірақ бес жылдан артық мерзім беріледі. Сол себептен осы бапқа назар аударуыңызды сұраймын», – деді ол.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы Нұр-Сұлтанда өтті.

Ұлттық кеңес мүшелері бірқатар ұсыныстар жасады, атап айтқанда, Қазақстанда зейнет жасын көтермеу, өлім жазасын жазалау шарасы ретінде алып тастау, митингілер туралы заң қабылдау және сайлау туралы заңға өзгерістер енгізу.

Талқылау